Жұмысымнан келген өмірдің 5 қағидасы
17.10.2023
Жұмысымнан келген өмірдің 5 қағидасы

Жұмыс – адамдардың табыс табатын жері ғана емес, бұл – біздің оқып-үйреніп, жеке тұлға ретінде дамитын жеріміз. Мансап құру барысында жұмыста алынған кейбір қағидалар мен сабақтар тек кәсіби салада ғана емес, жалпы өмірде де маңызды мәнге ие. Менің есімім Анель Пиштанова, және жұмысымнан келген және барлығына пайдалы болуы мүмкін осындай бес қағиданы бөлісемін.




Қарым-қатынас

Қарым-қатынас жасай білу де – кәсібилік! Әріптестермен және клиенттермен өзара әрекеттесу мені жақсы қарым-қатынас жасаудың құндылығына үйретті. Өз ойыңды білдіре алу, басқаларды тыңдау және жанжалдарды диалог арқылы шешу қабілеті – жұмыстан тыс қатынастарды табысты құрудың негізгі аспектісі. Өз шекараңды қорғай білу және өзгенің шекарасынан өтпеу маңызды!


Мәселелерді шеше білу

Жұмыс – қандай да бір сын-қатерлер тізбегі. Мен жағдайды талдауды, мәселелердің себептерін анықтауды және оларды шешудің тиімді, жылдам тәсілдерін табуды үйрендім. Және егер жұмыста көбінесе арқа сүйеуге болатын басшы болса, өмірде қиын жағдайда өзіңіз шешім қабылдауға тура келетін кездер болады. Өзіңізге және шешімдеріңізге жауапкершілік алудан қорықпаңыз!

Тепе-теңдік таба білу

Жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігі – бұл қажеттілік. Ол қажуға жол бермейді, денсаулықты және жақын адамдармен қарым-қатынаста үйлесімділікті сақтауға көмектеседі. Барлық дерлік уақытымды жұмысқа арнаған кезең де болды, бірақ жұмыс пен жеке өмірдің арасында ауыса білу, демалу және күшіңізді толықтыра білу маңызды.

 

Икемділік және бейімделу

Бизнес үнемі өзгеріп отырады, ал икемді болуды және жаңа жағдайларға бейімделе білуді үйрену – аман қалудың кілті. Компанияда басшылық, процестер өзгереді, лауазым ауысады – бұған тез бейімделе білу керек. Өмірде де күтпеген жағдайлар жиі туындап жатады, сол кезде бейімделуге дайын болу қиындықтарды тезірек және оңайырақ жеңуге көмектеседі.

Білмейтін нәрседен бас тартпау

Өмір – үнемі оқып-үйрену және жетіле түсу. Ірі компанияда жұмыс істеген кезде әрқашан лауазымнан лауазымға ауысу мүмкіндігі болады. Осындай мүмкіндік пайда болғанда (әсіресе бұл жоғарылау болса), келісу керек. Барлық жаңа, түсініксіз, таныс емес нәрседен бірден үзілді-кесілді бас тартуға болмайды! Көбінесе бұл – «менің қолымнан келмейді», «бұл менікі емес» және т.б. деген сияқты қорқыныш қана. Бірақ бас тартсаңыз, оны байқап көру, тереңірек үңілу мүмкіндігі болмайды... Жеке өмірде де сәтсіздіктен қорқып, тәуекел етуге келіспей жататын жағдайлар болып тұрады! Әрекет жасаңыз, тәуекелге барыңыз! Мен Тоқты жұлдызында туғанмын, сондықтан да әрқашан тұңғиыққа баспен сүңгіп, сабырсыздық танытамын, маған сын-қатерлер үнемі жарқын эмоциялар сыйлайды!

 


Ойымды қорыта келе, менің жұмыс тәжірибем маған қаржылық тұрақтылық қана емес, күнделікті өмірімде қуана қолданатын құнды сабақтар да алып келгенін айтқым келеді. Осы бес қағида – қарым-қатынас, мәселелерді шеше білу, тепе-теңдік таба білу, икемділік және бейімделу, білмейтін нәрседен бас тартпау өмірімнің әр түрлі салаларында жақсара түсуіме көмектесіп, табыс пен бақытқа жету жолында сенімді бағдар болып келеді.