Мәдениет

Біздің миссиямыз

КҮН САЙЫН
ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТТІ
САҚТАЙ ОТЫРЫП,
ӨМІР САПАСЫН
АРТТЫРАМЫЗ

Біздің құндылықтарымыз

  • ЖЫЛДАМ

    Біз бірге өзгерістерден қорықпаймыз, бір қадам алға ойлап, алға қойған мақсаттарымызға жетеміз, жылдам әрекет етеміз, сатып алушыларға, серіктестерге және бір-бірімізге көмекке келеміз.

  • АДАЛ

    Біз үшін шынайылық пен сенім жай ғана сөз емес, біз сөз береміз және міндеттемелерімізді адал орындаймыз, сатып алушыларға, серіктестерге және бір-бірімізге бірдей құрметпен қараймыз.

  • СЕНІМДІ

    Біз барлығымен қарым-қатынасымызда адал және ашық болғандықтан, командамен жұмыс істеп, міндеттердің атқарылуы үшін ортақ жауапкершілік көтеретіндіктен, бізге сенім білдіреді.

Пікір көшбасшылары

Юрий Балашов

Деректер жөніндегі маман-мастер, Логистика департаменті

Magnum-да расымен де тірі әрі көңілді атмосфера қалыптасқан, мұнда күнделікті жұмыстың сұрқай монотондылығы мүлдем сезілмейді. Бізде үнемі қызықты интерактивті шаралар ұйымдастырылады: қарапайым тесттерден бастап, Хэллоуинге арналған тематикалық костюмдер, түрлі-түсті шұлықтар күні немесе аспаздық челленджтер сияқты шығармашылық байқауларға дейін. Бірақ ең басты құндылығымыз – компанияның игі істерді назардан тыс қалдырмауы: біз мұқтаж отбасыларға тұрақты көмек көрсетеміз және иесіз жануарларға арналған паналауларды қолдаймыз. Қызметкерлерді біріктіре білетін әрі қоғамға нақты пайда әкеле алатын команданың бір бөлігі болу – зор мәртебе.

Зауреш Елубай

Аға кассир, Алматы

Қызметкер өзін қамқорлықта сезінсе, бұл сатып алушыларға да әсер етеді. Magnum-да расымен де жайлы жағдай жасалған: фитнес пен медицина қызметтеріне жеңілдіктер бар, басқа дүкендерде қосымша жұмыс істеуге болады. Ұжымдық шараларға қатысқаны үшін ішкі валюта жиналады — мен оны блендер, әшекей бұйымдар және басқа да пайдалы заттарға айырбастадым.

Виктория Вон

Қызметкерлермен жұмыс бойынша менеджер, Қызметкерлермен жұмыс дирекциясы, Талдықорған

Magnum-да мотивация мен бірлікке толы атмосфера қалыптасқан — мұнда әркім өзін мықты команданың бір бөлігі сезінеді. Компания қызметкерлердің дамуын қолдайды: оқытады, жетістіктері үшін марапаттайды және мансаптық өсуге мүмкіндік береді. Идеялар, нәтижелер немесе қайырымдылыққа қатысу — кез келген үлес бағаланады

Улбосын Мустафина

Жалақы бойынша бухгалтер, Алматы

Magnum-дағы ұжымдық өмір динамикалық және шынайы қызықты. Әсіресе ынтымақтасқан атмосфера мен мұқият ұйымдастырылған іс-шараларды бағалаймын. Командалық бастамалар шынайы байланыс орнатуға көмектеседі, ал құрмет, өзара қолдау және ортақ мақсаттар күнделікті жұмысты мағыналы етеді. Осы командамен бірге даму — мен үшін мәртебе

Тахмина Талипжанова

Дүкен директоры, Шымкент

Маған күн сайын дүкенді жақсартатын команданың бір бөлігі болу ұнайды. Ең бастысы — ұжымдық шараларды бағалаймын, олар жұмысты жандандырып, бізді біріктіреді. Magnum-да мен 9 жыл жұмыс істеп келемін: сатушыдан бастадым, қазір директордың орынбасарымын. Осы уақыт ішінде Компания маған көшбасшылық мектебі болды — мұнда адамдармен жұмыс істеуді, шешім қабылдауды және командамен бірге өсуді үйрендім.

Magnum — Қазақстандағы №1 бөлшек сауда желісі!
Біз:
  • Өзімізге ұнайтын, мақтан тұтуға болатын және адамдарға пайда әкелетін дүкендерді, өнімдер мен жобаларды жасаймыз
  • Қызметкерлердің әрқайсысы: «Magnum-мен маңызды іс атқарамын және жасап жатқан өнімдерімізді мақтан тұтамын» деп сенімді түрде айта алатын ерекше ішкі ортаны қалыптастырамыз