Жобалар

Жобалар

Цифрлық кросс-жоспар: технологиялар дүкендерді қағазбастылықтан қалай құтқарады
2026 жылғы 14 тамыз

Үлкен дүкендерде әрбір тауардың қай жерде тұратыны қалай шешілетінін ойлап көрдіңіз бе? Әрбір сауда жабдығы үшін — сөре болсын, витрина болсын — қағаз түріндегі қатаң схема, яғни выкладка жоспары болады.

Бір сауда жабдығының орнын өзгертуді келісу үшін қызметкер үлкен схеманы басып шығарады, оған қолмен сызады, суретке түсіріп, келісуге өтінім жібереді. Кейде адамдар бір ғана сөренің орнын ауыстыру үшін бүкіл дүкенді қолмен қайта сызып шығады. Бұл бірнеше сағатқа созылады әрі кейде қателіктерге әкеп соғады.

Біз бұл процесті қалай жеңілдеттік

Коммерциялық және Операциялық департаменттердің әріптестері Ақпараттық технологиялар дирекциясымен бірлесіп, дүкеннің цифрлық картасы — Цифрлық кросс-жоспарды іске қосуда. Енді әрбір сауда жабдығының жеке QR-коды болады. Ал дүкеннің барлық сөрелері, тоңазытқыштары, витриналары кіретін толық «картасы» цифрлық форматта қолжетімді болады.

Процесс смартфонды пайдаланғандай қарапайым болады:

  • Қызметкер ТСД-де JasApp қосымшасын және тапсырманың өзін ашады, содан кейін тауардың штрих-кодын сканерлейді.
  • Баға жапсырмасында көрсетілген бағаны енгізеді немесе баға жапсырмасындағы QR-кодты сканерлейді.
  • Выкладканың суретін түсіреді.
  • Содан соң тауар қойылатын сауда жабдығындағы QR-кодты сканерлейді.
  • Жүйе бірден тексереді: тауар дұрыс па, орны дұрыс па, бағасы дұрыс па. Тапсырма тек барлығы дұрыс көрсетілген жағдайда ғана жабылады.

Ал сауда жабдығының орнын, мысалы, сөренің орнын өзгерту небәрі екі басу арқылы жасалады. Дүкен директоры Цифрлық кросс-жоспарды ашып, керекті сөреді таңдайды, суретін тіркейді, қажет болса түсініктеме қалдырады. Өтінім Бас офиске жіберіледі, онда оны бірнеше минутта мақұлдауға болады. Мақұлдағаннан кейін карта автоматты түрде жаңарады. Енді жоғалған қағаздар да, шексіз қоңыраулар да жоқ.

Бұл не береді?

  • Уақытты үнемдеу: бұрын сағаттарға созылатын жұмыс енді 2–3 минутта орындалады.
  • Ашықтық: Бас офис дүкенде не болып жатқанын нақты уақыт режимінде көреді.
  • Сатып алушыға қолайлылық: жоспар шындықпен сәйкес келгенде, сатып алушылар керекті тауарды оңай табады.

Қазіргі уақытта жүйе 14 дүкенде сынақтан өтуде, және қызметкерлер жұмыс істеу әлдеқайда жеңілдегенін атап өтуде. Алда — жүйені біздің желіміздің барлық дүкендеріне енгізу міндеті тұр. Қысқаша айтқанда: біз қағаз схемалардың хаосын қызметкерлердің уақытын үнемдейтін және дүкендерді ыңғайлы ететін түсінікті цифрлық құралға айналдырып жатырмыз.

Дүкендердегі жұмысты жеңілдететін жобаларды және оларды жасап, жүзеге асыратын командаларды мақтан тұтамыз!

#магнуммен 

project
project

Жоба командасы

Тыныштықтың үні қатты естілгенде: біздің команда Pentawards-та алтын алды
2026 жылғы 9 сәуір

Өмірді түбегейлі өзгертетін жеңістер болады. Ал кейбірі сіздің дұрыс бағытта келе жатқаныңызды дәлелдейді. Біз үшін Pentawards — дәл сондай.


Pentawards деген не және ол неге маңызды
Pentawards — дизайнды мәдениеттің тілі ретінде бағалайтын әлемдік алаң. Мұнда қазылар тек әдемілікке емес, әрбір сызықтың артындағы мағынаға қарайды. Бұл байқауға әлемнің үздік студиялары мен агенттіктері қатысады, ал жеңімпаз атану саланың тарихына ену деген сөз. Біз ендік. Алтынмен.


Осы жеңістің артындағы адамдар
Бұл жоба кездейсоқ шабыттың нәтижесі емес. Оның артында бар күшін салған дизайнерлер мен бренд-менеджерлер командасы тұр: олар пікір таласты, ізденді, күмәнданды, бірақ бәрібір алға жүрді. Идея әлі қағазға түспей тұрып-ақ соған сенген адамдар. Бүгін әлемдік деңгейде мойындалған өнімді ойлап тауып, жасап, дүкен сөресіне жеткізген — солар. Бұл марапат — солар үшін.
Біз жобамен мақтанамыз. Бірақ командамен одан да қатты мақтанамыз.


Эмпатиядан туған идея
Барлығы қарапайым бақылаудан басталды: көптеген әйелдер жеке гигиена құралдарын сатып алғанда ыңғайсыздық сезінеді. Кәдімгі, адамға тән сезім, бірақ оны ешкім шешуге тырыспаған.
Солай IMI — ішін білдірмейтін қаптама пайда болды. Ешқандай ишара жоқ, артық визуал жоқ. Тек минимализм және әр элементіне енгізілген қамқорлық.


Ең қиыны айналамыздағы адамдарға дизайндағы «тыныштықтың» да қатты естілуі мүмкін екенін түсіндіру болды. Эстетика жай әшекей емес, ол сенімділік құралы екенін дәлелдеу керек еді. Бізді естіді. Әлем естіді.

Барлығы шынайы болған сәт
Жеңіс туралы хабар келгенде офисте бәрі айқайлады. Күлді. Бір-біріне скриншоттарды қайта-қайта жіберді. Бұл бір мезетте әрі сенбей, әрі сенетін ерекше сезім болды.


Бірақ бұл жеңістің ең ерекше тұсы IMI жай концепт немесе портфолиоға арналған макет емес. Бұл қазір дүкеннен сатып алуға болатын нақты өнім. Өз дизайныңды сөреден көрудің өзі бір бақыт. Ал сол үшін әлемдік деңгейде алтын алу мүлде басқа деңгей. Біз бұған мақтанамыз!


«Шабыт ешқашан тоқтамайды — бұл біздің өмір сүру тәсіліміз»


#магнуммен

project
Magnum-ның көтерме бағыты: мұнда ыңғайлы шешімдер жасалады
2026 жылғы 14 тамыз

Magnum командасы нарықтағы нақты сұранысты көріп, көтерме бағытты іске қосты: бүгінде көптеген компаниялар мен кәсіпкерлерге тиімді әрі ыңғайлы сатып алу қажет. Біздің мақсатымыз қарапайым болды — клиенттер уақытын үнемдеп, тапсырысты тез, бір жерде және артық қиындықсыз рәсімдей алатындай процесс құру.


Қазір бізбен кафе, мейрамханалар, дүкендер, кәсіпкерлер және ірі компаниялар жұмыс істейді. Біз оларға тек тауар сатып алуға ғана емес, тұрақты жеткізу жүйесін құруға және ашық, түсінікті шарттар алуға көмектесеміз. Ассортиментті таңдаудан бастап құжаттарды рәсімдеуге дейін команда клиенттерді әр кезеңде сүйемелдейді. Клиенттер ондаған жеткізушілермен жұмыс істеп, күрделі процестерге уақыт жоғалтпайды — бұл олардың бизнесін дамытуға көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.


Біз қалай жұмыс істейміз

Қызметкерлер тапсырыстарды алдын ала қалыптастырып, жеткізуді нақты кесте бойынша ұйымдастырады және клиенттерді барлық кезеңде қолдайды. Процесті барынша қарапайым әрі түсінікті ету үшін біз заманауи цифрлық платформалар мен байланыс арналары қолданамыз.

Біздің команда

Бағытта менеджерлер, логистер, ассортимент бойынша мамандар және IT-команда жұмыс істейді. Әрқайсысы өз бағытына жауап береді: бірі клиенттермен байланыс орнатады, бірі логистиканы реттейді, енді бірі жүйелерді дамытады. Бастапқы кезең оңай болған жоқ — процестерді нөлден құру, жеткізуді жолға қою, құжаттарды дайындау қажет болды. Алайда дәл осы кезең командаға нәтижеге ықпал етуге, жобаның дамуына қатысуға және идеяның тұрақты жұмыс істейтін бизнеске айналғанын көруге мүмкіндік берді.


Біздің нәтижелер

Magnum-ның көтерме бағыты — бұл үлкен әрі ынталы команданың еңбегінің нәтижесі. Тұрақты клиенттер, жолға қойылған процестер және ыңғайлы жұмыс жүйесі — бағытты күн сайын дамытып, жетілдіріп жүрген адамдардың еңбегі.

Бізді шабыттандыратыны — жұмысымыздың бизнестің өсуіне көмектесуі және компаниялардың сенімді әрі жеңіл жұмыс істеуіне үлес қосуы. Ең бастысы — бұл жетістіктің артында өз ісіне жан-тәнімен және жауапкершілікпен қарайтын Magnum адамдары тұр.


#магнуммен

project
Қарапайым идеядан инновациялық құралға дейін
2025 жылғы 17 қараша

Кейде ең күтпеген идеялар жұмыс кездесуінде-ақ туады. Біздің командада да дәл солай болды: Маркетинг және Операциялық департамент әріптестері дүкендердегі таразы экрандарын жарнамалық арна ретінде пайдалануды ұсынды. Бұрын таразы тек тауардың салмағын көрсетсе, енді ол Magnum сатып алушыларымен жаңа коммуникация құралына айналды.


Алғаш талқылаудан-ақ белгілі болды: жобаның тиімді жұмыс істеуі үшін үдерісті толық автоматтандыру қажет. Сол кезде Автоматтандыру бөлімі робот және Telegram арқылы жарнама жүктеуді ұсынды — жылдам, орталықтандырылған және артық қадамдарсыз. Робот жүздеген таразыдағы контентті басқарады, ал Telegram әр іске қосу мен жаңарту туралы хабарлап отырады.


Бар-жоғы бір айда таразы экрандарында алғашқы жарнамалар пайда болып, сатып алушылар бірден жаңалыққа назар аудара бастады. Енді Қазақстан бойынша 700-ден астам таразы экраны тек тауарды ғана емес, бос жұмыс орындарын, науқандарды және пайдалы хабарламаларды көрсетеді — осылайша таразылар клиенттермен байланысудың жаңа арнасына айналып отыр.


Жобаға қатысушы Динара атап өтті: «Таразы үнсіз тұруы мүмкін, немесе сөйлей де алады. Біз екіншісін таңдадық — және күту сәтін сатып алушымен тілдесудің мүмкіндігіне айналдырдық».


Компания үшін бұл — жаңа кіріс көзі мен заманауи бренд имиджі, ал команда үшін — әр түрлі департаменттерді біріктірген әрі технологияны жаңа деңгейге шығарған идеямен мақтану.


Команда көзқарасты кеңейтсек, үйреншікті процестердің өзін инновацияға айналдыруға болатынын дәлелдеді.


#мақтанамыз

project