Magnum-дағы 16 жылдық хикая
14.09.2023
Magnum-дағы 16 жылдық хикая
Ең басынан бастасақ...

Мен Magnum-ға 2007 жылғы 1 мамырда келдім. Менің қызметім сату бөлімінің менеджері лауазымынан басталды, қазір бұл лауазым секция меңгерушісі деп аталады. Мен гастроном, сүт өнімдері, мұздатылған өнімдер, жемістер мен көкөністер деген бірнеше бөлімге жетекшілік еттім. Елдегі №1 табысты және дамушы желі атанған және бүкіл Қазақстан мен одан тыс аумақтарда 200-ден астам дүкендеріміз бар қазіргі кезде 2007 жылғы 14 қыркүйекте тұңғышымыздың есігін ашқан күнді күлімдеп еске аламыз. Бұл күні барлығымыз толқып, болашақта не боларын уайымдаған едік. Біздің бірінші кеңсеміздегі бұл сурет биыл 13 жастан асқан болады!





Жаңа міндеттер

2008 жылдың басында мені санаттық менеджер қызметіне ауыстырды. Осы кезден бастап менің өмірімде жаңа кезең, толықтай жаңа деңгей басталды, себебі, коммерциялық қызметтің операциялық қызметтен айырмашылығы өте көп. Барлығына үйренген, әдеттегі қолайлы аядан түбегейлі шығуыма байланысты жаңа ерекшеліктерге жылдам үйреніп, жаңа өмірге тез бейімделуіме тура келді.



Коммерциялық департаменттің жұмысы тауар айналымы мен компанияға түсетін пайдаға тікелей әсер ететін болғандықтан, менің міндетіме өзіме тапсырылған санатты басқару кірді, атап айтқанда, нарықты, өндірушілерді өте жақсы білу, жаңа тауарды тауып, оны жылдамдатып ассортиментке енгізу, серіктестерді өнімді ілгерілету үшін инвестиция жасауға ынталандыру, үздік шарттар бойынша келісімшарттар жасау, компанияның көптеген департаменттерімен өзара әрекеттесу.



Жұмыс өте көп, жан-жақты әрі қызық. Іш пысатын уақыт жоқ. Кеңсеге әрқашан жақсы көңіл-күйде келемін. Осында келгенімнен бері 16 жыл өтіп кеткенін байқамай қалуымның себебі де сол шығар. Осы жерде есейдім, көп тәжірибе жинадым.



Амбассадор болуым, жұмысқа деген сүйіспеншілік және Magnum-дағы 16 жыл


2022 жылы амбассадорлар командасының құрамына кірдім. Әлеуметтік желіде контент жасауды ұнататын болғандықтан, бұл жаңа «лауазым» да маған қуаныш сыйлады. Амбассадор ретінде мен инстаграмдағы парақшамда Компанияның белсенді корпоративтік өмірін көрсетіп, аудиторияммен тілдесемін, оларды Magnum ұжымының бөлігі болуға ынталандырамын. Жұмысым жайлы толығырақ Instagram парақшамда айтамын.





15-жылдықта Компания басшылығы мені адал қызметкер ретінде марапаттады. Бұл оқиға маған қуат беріп, компанияның дамуы мен өркендеуіне үлес қосуымды жалғастыруға шабыттандырды.



"
Magnum өзімді жайлы сезінетін екінші үйімдей болып кетті. Біз 16 жыл бойы біргеміз, бұл – жоғары бейілділіктің, көп сабырдың, адалдықтың, түрлі эмоциялардың, білім мен тәжірибелердің көрінісі. 16 жылда Magnum менің Отбасыма айналды!»

"