Жеңіс, даму және мойындау: біз қалай бірге өсіп келеміз
Жеңіс, даму және мойындау: біз қалай бірге өсіп келеміз
15.05.2025

Жеңіс, даму және мойындау: біз қалай бірге өсіп келеміз

Сәуір айының басында Magnum-ның Бас кеңсесінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жеңімпаздарымыз жиналды — олардың идеялары, жобалары мен табанды еңбегі Компанияны одан әрі күшейтуге көмектескен болатын. Біз 2024 жылы өз үлгісімен шабыт берген және Компанияны алға жылжытуға көмектескен қызметкерлерді марапаттадық. Марапаттарды Magnum компаниясының Бас директоры Яков Фишман табыстады.


Жылдың үздік жобалары

 20-дан астам өтінім арасынан Компанияға нақты нәтиже әкелген жобалар жеңімпаз атанды: ТСД мобильді қосымшасы баға белгілерімен жұмысты жеңілдетті, 1С жүйесіндегі бонустарды автоматтандыру есептеулерді жылдам әрі ашық етті, «Бақыт дөңгелегі» механикасы сатып алушылардың қызығушылығын арттырды, ал промо-акцияларды цифрландыру тиімділік пен табысты көбейтті.




Үздік қызметкерлер

Біз Бас офис қызметкерлерін жыл бойындағы үздік нәтижелері үшін марапаттадық. Сондай-ақ әртүрлі форматтағы дүкендердің директорлары да сатылым мен басқа да негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін атап өтілді. Оларға есте қалатын сыйлықтар табысталды.




Әлеуметтік жобалар

Magnum тек бизнес нәтижелерін ғана емес, сонымен бірге игі істерді де бағалайды. 2024 жылы қызметкерлер:



  • Қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек жобаларын жүзеге асырды;
  • Солтүстік Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ауыз су жеткізуді ұйымдастырды.


Бұл бастамалар – бір-бірімізге жанашыр болудың және қолдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.




«Magnum-ға қамқорлықпен» арнайы сыйлығы

Бұл марапатқа «Шығынсыз қауіпсіздік» жобасымен Мүліктік қауіпсіздік департаменті ие болды. 2024 жылы қауіпсіздік мамандары шығындарды азайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырды. Кәсібиліктің, аналитикалық көзқарастың және белсенділіктің арқасында бақылаудың жаңа жүйелері енгізіліп, қауіп-қатерлермен жұмыс күшейтілді және ішкі үдерістер жетілдірілді — бұл шығындарды едәуір қысқартуға және бизнестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.




Біз – бірге күшпіз

Әрқайсымыз Magnum-ды жақсарта аламыз. Еңбегіміз, идеяларымыз бен жанашырлығымыздың арқасында Компания дамып отырады. Шабыт пен берік командалар үшін әріптестерімізге алғыс айтамыз — біз үшін әр күн маңызды!



Құрметті оқырман, егер сіз де осындай команданың мүшесі болғыңыз келсе, осы сайт арқылы жұмысқа өтініш қалдырыңыз!



#магнуммен