Дүкенде жұмыс істеу көп қозғалысты және күні бойы аяқта тұруды талап етеді. Бұл денсаулыққа әсер етіп, аяқтың шаршауы, белдің ауруы және ісінулерге әкелуі мүмкін.
Magnum компаниясында біз қызметкерлердің денсаулығына ерекше мән береміз: серіктестерімізден корпоративтік жеңілдіктер ұсынамыз, өзіңізге күтім жасауға арналған бастамаларды қолдаймыз және білікті мамандардың ұсыныстарымен бөлісеміз. Өйткені, өз денсаулығыңызды күту – басты басымдық.
Бұл мақалада тұрып жұмыс істеу кезінде денсаулықты сақтаудың тиімді тәсілдерін қарастырамыз. Expert Neuro клиникасының мамандары ұсынған қарапайым, бірақ пайдалы кеңестер жұмыс күнін жайлы әрі қауіпсіз етуге көмектеседі.
Expert Neuro клиникасының кинезитерапевті Александр Травников денеге түскен салмақты азайтудың бірнеше әдісін ұсынады:
Бұл қарапайым әдеттер денеңізді жеңіл сезінуге және ауырсыну қаупін азайтуға көмектеседі.
Күні бойы аяқта тұру денеге ауыр салмақ түсіреді, бірақ шаршауды жеңілдетуге көмектесетін қарапайым әдістер бар:
Тұрақты жаттығулар қан айналымын жақсартады, бұлшықеттердегі шаршау мен кернеуді кетіреді, денені икемді әрі тығыз етеді.
Егер сіз күні бойы аяғыңызда жұмыс істесеңіз, дұрыс қалып (осанка), жайлы аяқ киім және үзілістер денсаулықты сақтауға көмектеседі. Егер ауырсыну ұзақ уақыт өтпесе, дәрігерге қаралу маңызды. Magnum қызметкерлері үшін Expert Neuro клиникасынан арнайы ұсыныстар бар.
Денсаулығыңызды күтуді кейінге қалдырмаңыз – ерте диагностика асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Өзіңізге күтім жасаңыз және денсаулығыңызды қорғаңыз! Ал Magnum компаниясында еңбегі бағаланатын жұмыс орнын мына жерден таба аласыз:https://hr.magnum.kz/