Magnum-да мансаптық өсу – ерекшелік емес, бұл біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі.
Мұнда сіз қарапайым лауазымнан жолын бастап, бүгінде ірі жобаларды жүзеге асырып, командалар мен дүкендерге басшылық ететін немесе бас кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлеріміздің шынайы оқиғаларымен таныса аласыз.
Әрбір оқиға – дамуды қалау, үйренуге дайын болу және Компания тарапынан көрсетілетін қолдаудың жаңа кәсіби биіктерге жетуге көмектесетінінің нақты дәлелі.
Magnum-дағы алғашқы лауазымы
Тұрмыстық химия бөлімінің аға сату жөніндегі маманы
«Әсема, сенің басқалардан қай жерің кем?» — Magnum-дағы мансап жолының тарихы
Magnum-дағы алғашқы лауазымы
Лендингтердін әзірлеу менеджері
Magnum Club қолданасыз ба? Онда біз бұрыннан таныспыз. Тек сіз мұны әлі білмеуіңіз мүмкін.
Magnum-дағы алғашқы лауазымы
Magnum-ның Moskva сауда-ойын-сауық орталығындағы дүкенінің директоры
Magnum-да мүмкіндіктің шегі жоқ. Шек – тек өзіңнің ішкі шекараң және оны кеңейтуге деген дайындық.
Magnum-дағы алғашқы лауазымы
Дүкендегі сатушы
Дүкендегі сатушыдан Бас кеңседегі бөлім басшысына дейін: мансап құруды жоспарламадым, бірақ оны Magnum-да қалыптастырдым
Егер менен «Осындай деңгейге басқа компанияда да жете алар ма едіңіз?» деп сұраса, мен: “Өсуге кез келген жерде болады. Бірақ дәл Magnum-дағыдай қарқын, мүмкіндік пен сенім әр компанияда бола бермейді.” Деп жауап беруші едім.
Менің ең үлкен мотивациям – балаларым болды. Олардың мені мақтан тұтқанын қаладым. Бүгінде сол арманым орындалды деп сеніммен айта аламын.
Magnum-дағы еңбек жолын енді бастап жатқан әріптестеріме айтарым: өздеріңізге күмәнданбаңыздар. Егер сізге біреу сенсе, өзіңіз де өзіңізге сеніңіз. Алдыңыздан мүмкіндік шықса, оны жіберіп алмаңыз.
Magnum – әр адамға мүмкіндік беретін компания. Ал әрі қарайғы жетістік – өз қолыңызда.
Мен Magnum компаниясындағы еңбек жолымды 2022 жылдың 1 наурызында лендингтерді әзірлеу жөніндегі менеджер ретінде бастадым. Бастапқыда бұл жай ғана жұмыс болды. Бірақ уақыт өте келе мұнда тек кәсіби өсіп қана қоймай, бизнестің нақты нәтижелеріне ықпал етуге болатынын түсіндім.
Уақыт өте келе компаниядағы үдерістерді және сатып алушылардың мінез-құлқын тереңірек зерттей бастадым. Әріптестерімнің арқасында жеке тапсырмалардан бөлек, жалпы көріністі де бағамдай алатын болдым. Соның нәтижесінде команда мен жетекшінің сеніміне ие болдым. Ал сенім бар жерде даму, жауапкершілік алып, өз шешімдеріңе сенімді болу мүмкіндігі де болады.
Маған артылған сенімді сезінген соң, жауапкершілікті көбірек алып, нәтижеге тікелей әсер ететін жобаларға саналы түрде араласа бастадым. Әрине, бұл тәуекел. Бірақ кәсіби даму дәл сол тәуекел арқылы келеді.
Осылайша мен Magnum-ның Moskva сауда-ойын-сауық орталығындағы дүкенінің директоры атандым. Бірақ сол кезде мен үшін ең үлкен сынақ процестер емес, адамдар болды. Мен өз қалыптасқан дәстүрі мен жұмыс тәртібі бар дайын ұжымға келдім. Алдымдағы басты міндет – командаға сіңісіп, жұмыс одан әрі атмосферасын жақсарту еді.
Біз табиғатқа бірге шықтық, филиал ішінде корпоративтік іс-шаралар өткіздік, әр қызметкермен жеке сөйлестім. Біртіндеп, қадам сайын біз шын мәнінде бір командаға айналдық. Бұл бұйрықпен емес, өзара сенім мен таңдау арқылы қалыптасты.
Өмірімде жұмыстан кетуге шақ қалған кезім де болды. Шынымен де: «Болды, енді қолымнан келмейді», – деп ойладым. Бұл жай ғана шаршау емес, кәсіби күйзеліс еді. Таңертең оянып, жұмысқа не үшін бара жатқаныңды түсінбей қалатын жағдай.
Сол кезде мен жалақы сақталмайтын демалыс алдым. Демалу үшін емес, өзімді түсіну үшін. Оның себебін табуға, мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін не істеу керектігін ұғынуға уақыт қажет болды. Бұл менің еңбек жолымдағы ең шынайы шешімдердің бірі еді. Және ол өз нәтижесін берді. Мен жұмысқа жаңа күшпен оралдым. Сол кезеңде қолдау көрсеткен басшыларым мен Компанияға үлкен алғысымды білдіремін.
Ең есте қалған сәттердің бірі – 2024 жылы Астанада өткен конференциядағы сөз сөйлеуім. Маған бүкіл компания алдында баяндама жасау тапсырылды. Мен – күнделікті жұмыстың ортасында жүрген маманмын. Ал көпшілік алдында сөйлеу – мүлде басқа дүние. Ұзақ уақыттан бері болмағандай қатты толқыдым.
Бірақ сөзімнің екінші минутынан бастап, еліміздің барлық өңірінен келген әріптестерімнің қызығушылығын көргенде, ерекше сезімге бөлендім. Бұл – мақтаныш, жеңілдік және «Мен ойлағаннан да көп нәрсеге қабілеттімін» деген сенім еді.
Осы жылдар ішінде не үйрендім?
Мен командама сенуді және маңызды істерге уақыт табу үшін міндеттерді дұрыс бөлуді үйрендім. Жобаларды басқаруды, дағдарыс кезінде шешім қабылдауды, көпшілік алдында еркін сөйлеуді меңгердім.
Ендігі мақсатым – үздік көшбасшы болу. Тек басшы ғана емес, өзгелерді жігерлендіріп, шабыттандыра алатын тұлғаға айналу. Сол үшін әлі де білім алып жүрмін, тайм-менеджментті меңгеріп, өзімді дамытудамын.
Өйткені мен бір нәрсені анық білемін: Magnum-да мүмкіндіктің шегі жоқ. Шек – тек өзіңнің ішкі шекараң және оны кеңейтуге деген дайындық.
2021 жылы мен Magnum дүкенінің табалдырығын оқуымды жұмыспен қатар алып жүру үшін ғана аттадым. Шынымды айтсам, мансап туралы мүлде ойлаған жоқпын. Бұл жай ғана уақытша жұмыс сияқты көрінді. Бір күні Бас кеңседе бөлім басшысы боламын деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірмеген.
Бәрі маған тапсырыстар бойынша оператор болуды ұсынған кезде өзгерді. Сол сәтте алғаш рет маған өзімнен де артық сенетін адамдар бар екенін сезіндім. Әрине, қорқыныш болды. Бірақ мен «иә» дедім. Ішкі жүйелерді меңгердім, тапсырыстарды қалыптастыруды үйрендім. Көп ұзамай бұл жұмыстың өзіме ұнайтынын түсіндім. Операциялық жұмыс – тек бастамасы ғана екенін, ал менің бұдан да әрі дамығым келетінін ұқтым.
Колледжді аяқтап, университетке түскеннен кейін мен үшін маңызды шешім қабылдадым – мамандығым бойынша мансап құру. Осылайша сауда залынан Бас кеңсеге тауарлық есеп бухгалтері қызметіне ауыстым. Бұл мен үшін белгісіздікке жасалған үлкен қадам болды: үйреншікті дүкеннен Компанияның барлық бизнес-процестерінің ортасына келдім. Әрине, қорқыныш болды. Бірақ үлкен мансапқа деген арманым мен мақсаттарым одан да күшті еді.
Ұзақ ойландым. Өйткені бұл шамамен 10 мың қызметкердің жалақысын есептеу деген сөз еді. Мұндай жұмыста жауапкершілік өте жоғары. Бір ғана қателіктің салмағы үлкен, әрбір ұсақ-түйек маңызды.
Magnum жұмыс істеуге тұрарлықтай ма?
Әрине!
Мұнда 18 жастағы студентке де, 35 жастағы тәжірибелі маманға да мүмкіндік бар. Бұл жерде мүмкіндіктердің есігі әрдайым ашық. Ең бастысы – сол есіктен кіруден қорықпау.
Компания шынымен қолдау көрсетеді, үйретеді және дамуға барлық қажетті мүмкіндікті береді. Дүкен ішінде өсу ме, әлде Бас кеңсеге ауысу ма – оны тек өзіңіз шешесіз. Өйткені бәрі өз қолыңызда.

Өтінім қалдырыңыз.
Сіз тек 1 рет жауап қайтара аласыз
Рахмет!
Сіздің хабарламаңыз жіберілді.
Техникалық ақаулар
Өтініміңізді қайта
жіберіп көріңіз.
Жауап қайтарғаныңызға рахмет!
Сіздің өтініміңіз жіберілді. Сізге хабарласамыз.
Сіздің деректеріңіз
біздің базада бар.
Сәйкес вакансия болған
жағдайда, біз сізбен хабарласамыз.
Қате!
Файлдың көлемі 10 мегабайттан асады.
Формат
дұрыс емес
Файлдардың жарамды форматтары:
.doc, .docx, .pdf, .rtf
Қате
Сауалыңызды қайта жіберіп көріңіз.
MagnumGo
Magnum-да онлайн жеткізуге қатысты бос орындар жоқ.
Ол үшін серіктесіміз — MagnumGo-ға жүгініңіз.
Magnum дүкендеріндегі бос орындарды қарап шығыңыз – өзіңізге не жақындарыңызға лайықты жұмыс табылуы мүмкін.
Бізге қосылыңыз
Сіз тек 1 рет жауап қайтара аласыз
Толтырылуы міндетті
Сауалнама
Толтырылуы міндетті
Сіз тек 1 рет жауап қайтара аласыз