Компанияда күн сайын әркім кішкентай, бірақ маңызды қадам жасайды. Біреу алғаш рет жауапкершілік алады, біреу жаңа нәрсені үйренеді, біреу даму жолын таңдайды және сол арқылы қарапайым жұмысты өсу тарихына айналдырады.
«Шабыт беретін оқиғалар күнделігі» — осындай жолдардың жинағы. Мұнда нөлден бастаған, бағыт ауыстырған, қателескен, қайта тұрған, өскен және бір кездері тек армандаған жеріне жеткен қызметкерлердің әңгімелері.
Бұл оқиғалар — мүмкіндік әрдайым жанымызда екенінің ескертуі. Тек қадам жасау керек. Келіңіздер, олардың тәжірибесінен шабыт алып, өзіміз үшін жаңа көкжиектер ашайық.
Мен Magnum-ға 2017 жылы келдім. Ол кезде компания туралы көп білмейтінмін — тәжірибем сәйкес болғандықтан вакансияға жай ғана өтініш қалдырдым. Ал бүгінде мен Петропавл қаласындағы Аймақтық директорымын. Жұмыс істеген жылдар ішінде Компанияның ауқымын көрдім: әртүрлі адамдар, мінездер, тәжірибе деңгейлері — бірақ бәрін ортақ мақсат біріктіреді.
Өсу мен үшін ешқашан басты мақсат болған жоқ. Мен тек адал жұмыс істеуге, командаға көмектесуге, бастама көтеруге және шешім қабылдауға тырыстым. Қалғанының бәрі — осы көзқарастың нәтижесі. Қиындықтар да болды: сатып алушылармен, жеткізушілермен, әріптестермен. Бірақ әр қиын сәт бір нәрсеге үйретіп, алға жылжытты.
Маған сенген, қолдаған және өзінің жұмысы арқылы шабыт берген адамдар кездесті. Бұл тек басшылық емес — өз ісін сүйіспеншілікпен орындайтын қарапайым қызметкер де үлкен шабыт бере алады.
Мен Magnum-ға 2023 жылы келдім, алғашқы қадамымды бакалея бөлімінің сатушысы болып бастадым. Бүгінде Шымкент қаласында дүкен директоры болып жұмыс істеймін. Жылдам түсіндім: өсу қарқыны — сіздің қаншалықты үйренуге, еңбек етуге, мақсат қоюға және оған жетуге дайын екеніңізге байланысты.
2024 жылдың жазында мен Кадрлық резервке (қызметкерлерді дамыту бағдарламасы) дүкен директорының орынбасары лауазымына өтініш бердім. Оқығаннан кейін басқа дүкенге ауысып, осы позицияда жұмыс істей бастадым. Әрине, қиындықтар болды: жеткізушілер, қайтарулар, ұйымдастыру мәселелері.
Бұл кезеңде ең үлкен қолдау — сол Компанияда жұмыс істейтін жолдасым болды. Ол маған әрқашан қуат беріп, құнды кеңестерін айтып отырды — бұл қай кезде де күш берді.
2013 жыл. Magnum вакансиясын жұмыс іздеу сайтынан кездейсоқ көрдім. Алғашқы күндерден-ақ компания ішіндегі атмосфера мен қарым-қатынас қатты әсер етті. Мұнда ашықтық, үйренуге деген ниет және даму жоғары бағаланады. Нағыз команда сезімі және ішкі оқыту арқылы өсу мүмкіндігі ерекше ұнады.
Жұмыс істеген жылдары көп жетістікке жеттім: «Ең үздік кассир», «Ең үздік қызметкер», «Ең үздік меңгеруші», тиімді жұмыс пен сапа үшін алғыс хаттар мен марапаттар. Бұл – еңбектің нәтижесі, бірақ сонымен бірге команданың қолдауының үлесі зор.
Кейін мен күрделі әрі ауқымды процестерге ауысқым келетінін түсіндім — сол кезде дүкеннен Бас офиске ауысуым жаңа кезең болды. Жұмыс өзгерді: дүкенде күнделікті процестермен айналыссам, офисте — есептер жинау, талдау, түрлі бөлімдермен жұмыс басталды. Басқа жауапкершілік, басқа міндеттер және бизнесті толықтай жаңа қырынан көру мүмкіндігі пайда болды.
Әрине, бейімделу оңай болмады: тапсырмалар көп болғанда күмәндар да болды. Бірақ әріптестермен әңгімелер, мәселелерді бірге шешу және өз нәтижелерімді көру маған алға жылжуға көмектесті.
Мен Magnum-ға басқа компанияда кассир болып жұмыс істегеннен кейін келдім — дүкенге кіріп, резюмемді қалдырдым. Компанияның қарқынды дамуы және тұрақтылық беруі маған бірден ұнады.
Magnum-да жұмыс істеген жылдары мен екі мәрте декреттік демалысқа шықтым. Қайта оралу маған оңай болды — жұмыс орным әрқашан сақталды, ал үйде жолдасым қолдап отырды. Жақсы жоспарлаудың арқасында жұмыс пен балаларды қатар алып жүру қиындық тудырмады. Декретке кетер кезде жұмысымды жоғалтамын деп қорықпадым — Компанияға қайта оралып, өсуімді жалғастыратыныма сенімді болдым.
Magnum-дағы жолым 2009 жылы басталды — ең қарапайым арбашы позициясынан. Ол кезде ұзақ жол күтетінін елестете де алмадым. Лауазымдар өзгерді, командалар ауысты, міндеттер күрделенді — Қауіпсіздік қызметінің контролерінен менеджеріне дейін, Қауіпсіздік басшысынан Аймақтық басшыға дейін. Бүгінде ондаған дүкенге жауаптымын, ал қаңтарда Компанияда 17 жыл толады.
Бұл жол әртүрлі болды: қиын кезеңдер, күмәндар, өте үлкен көрінген жауапкершілік болды. Бірақ жеңістер де, өсу де, басшылардың қолдауы да болды — олар әрдайым күш берді. Ең құндысы — жанымда болған адамдар: сенгендер, көмектескендер, шабыт бергендер. Бірге тексерістерден өттік, қиын жағдайларды шештік, футбол ойнадық, бір-бірімізге тірек болдық.
Ең есте қалған сәт — маған Компаниядағы жаңа позицияны сеніп тапсырған кез: «Express» форматындағы дүкендердің Қауіпсіздік басшысы. Тәжірибем аз, күмән көп болды. Бірақ дәл осы шақыру менің кәсіби өмірімдегі бетбұрыс болды. Жылдық ревизия жақсы қорытынды көрсеткенде, өз күшіме алғаш рет шын сендім.
Әр оқиға бізге бір қарапайым шындықты еске салады: өсу — кішкентай қадамдардан басталады. Алғашқы сменалар, алғашқы міндеттер, алғашқы күмәндардан. Одан әрі бәрін табандылық, үйренуге деген ниет және сізге сенетін адамдар шешеді. Осындай оқиғалар Magnum-ды шынайы, жанды, мүмкіндіктерге толы орын етеді — мұнда мансап құруға, орта табуға және Компаниямен бірге өсуге болады
Егер сіз өзгерістер іздеп жүрсеңіз немесе өз әлеуетіңізді ашқыңыз келсе — Magnum-ның қазіргі вакансияларына көз жүгіртіңіз: https://hr.magnum.kz/shops/filter/clear/apply/. Бәлкім, дәл осы жерден сіздің жеке мансап тарихыңыз басталар.
#магнуммен