Жыл сайынғы марапаттау рәсімі!
Жыл сайынғы марапаттау рәсімі!
02.04.2024
Жыл сайынғы марапаттау рәсімі!

2024 жылдың 27 наурызында Бас кеңседе Magnum қызметкерлерін тану жүйесі бойынша жыл сайынғы номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Дүкендер мен кеңсе қызметкерлері 2023 жылғы тамаша жеке және топтық жұмыс нәтижелері үшін марапатталды!




«Үздіктердің үздігі» номинациясында бүкіл желінің әкімшілік персоналы және офис арасындағы үздік қызметкерлер – директорлар, директорлардың орынбасары, өндіріс меңгерушілері, дүкендердің қауіпсіздік қызметінің басшылары және секция меңгерушілері аталды. Олардың әрқайсысы естелік сыйлықтар алды.





Егембердиева Айжан, Талдықорған қаласындағы жеткізушілермен жұмыс жөніндегі Есепші, 2023 жылғы "Үздіктердің үздігі " номинациясының жеңімпазы


 

"
Жеңіс мен үшін жағымды тосын сый болды! Компанияға және басшылығыма сенім үшін өте ризамын.  Маған Бас кеңсе сапары, мені қалай қарсы алғаны, марапаттау қалай өткені қатты ұнады. Сыйлыққа ерекше рахмет, бұл өте қажет! Ұйымдастырушыларға әр қызметкерге мұқият қарағаныңыз үшін рахмет.
"




Карин Темір, жылжымайтын мүлікті жалға беру басқармасының жетекші менеджері, 2023 жылғы "Үздіктердің үздігі" номинациясының жеңімпазы

"
Осындай мұқият Компанияда жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Қызметкерлерді бағалайтын және лайықты түрде көтермелейтін, жобаларды шындыққа айналдыруға мүмкіндік беретін жер. Мен өзімнің арманымдағы Компанияда жұмыс істеймін деп мақтанышпен айта аламын.
"

Жеңімпаздар қатарында үздік дүкендер, ұжымдар, сондай-ақ белсенділік деңгейі жоғары, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары және сәтті жүзеге асырылған жобалары бар қызметкерлер болды. Біздің әріптестер ақшалай сыйлықтардың, туристік пакеттердің және көптеген фирмалық сыйлықтардың иегері атанды.



Жеңімпаздарды құттықтаймыз және біз сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз!