Қазақстанда жұмыс табу жолдары
29.08.2024

Қазақстанда жұмыс табу жолдары

Жұмыс іздеу — әр адамның өміріндегі маңызды кезең. Жұмыс тек ақша табудың жолы ғана емес. Бұл өмірді жақсартуға, болашақты жоспарлауға және азық-түлік пен баспана сияқты өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Тұрақты жұмыстың болуы кедейлік деңгейін төмендетуге көмектеседі, ал бұл Қазақстан үшін әсіресе маңызды. Қазақстан Global Finance 2024 зерттеуіне сәйкес әлемдегі ең кедей елдердің тізімінде 128-ші орында тұр.


Сондықтан біздің компания сияқты (Қазақстандағы азық-түлік ритейлі нарығындағы №1) ірі компаниялар адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Magnum компаниясында 10 000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді, және біз жұмыс беруші брендін белсенді түрде дамытудамыз, бұл біздің Компанияға деген сенімділікті арттырады. Қазақстанда жұмыс табу жолдарын және оған қажетті қадамдарды қарастырайық.


Қазақстандағы еңбек нарығын талдау


Қазақстандағы еңбек нарығы үнемі өзгеріп отырады және үміткерлерден жаңа жағдайларға бейімделуге дайын болуды талап етеді. Қазақстандағы 2024-2030 жылдарға арналған кадрлар қажеттілігінің болжамы бойынша, бұл 1,9 миллион адам, кеңсе позицияларынан басқа, сатушыларға, күзетшілерге, жүргізушілерге, аспаздарға және басқа да жұмыс мамандықтарына ең үлкен сұраныс болады.


Ең көп қызметкерлер (елдегі жалпы сұраныстың шамамен төрттен бірі) Астанада, Алматыда және Шымкентте қажет.


2024 жылдың І тоқсанында Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9,2 миллион адам жұмыс істеген, оның ішінде жалдамалы жұмыспен 7 миллион адам (жалпы санның 76,2%-ы) айналысады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны — 2,2 миллион адам (экономикадағы жалпы жұмыспен қамтылғандардың 23,8%-ы). Елдегі халық саны мен мамандарға сұранысты (әсіресе төмен және орташа біліктілікті персоналға) ескеретін болсақ, еңбек нарығында әлі де бос жұмыс орындарының көп екенін және жұмыс табу мүмкіндігі жоғары екенін байқаймыз.


Жұмыс іздеуге дайындық


Жұмыс іздеу жақсы жазылған түйіндемеден басталады. Міне, бірнеше маңызды кеңестер:


  • Нақтылық: Жұмысыңыздағы нақты жетістіктер мен нәтижелерді көрсетіңіз.
  • Қысқалық: Түйіндеме қысқа және нақты болуы керек. Қажетсіз мәліметтерден аулақ болыңыз.
  • Шынайылық: Тек фактілермен дәлелдей алатын ақпаратты көрсетіңіз.
  • Құрылым: Жұмыс беруші қажетті ақпаратты оңай таба алатындай етіп түйіндемеңізді құрылымдаңыз.
]

Сондай-ақ, ілеспе хат(сопроводительное письмо) жазуды ұмытпаңыз. Бұл сіздің қызығушылығыңызды көрсетеді және лауазымға орналасу мүмкіндігін арттырады. Хатта рекрутермен сәлемдесіп, қандай жұмысқа үміткер екеніңізді көрсетіңіз, сәйкес келетін тәжірибеңізді сипаттаңыз және назар аударғаны үшін алғыс айтыңыз.


Қазақстанда жұмысты қайдан іздеу керек


Қазіргі уақытта жұмыс ұсыныстарымен онлайн ресурстардың саны өте көп және бұл барлығымызға оны іздеуді жеңілдетеді. Дегенмен, алаяқтық фактілері де көбейіп келеді. Сондықтан тек сенімді дереккөздерді пайдалану маңызды:



Әлеуметтік желілерді пайдалану


LinkedIn сияқты әлеуметтік желілер жұмыс іздеуде маңызды рөл атқарады. Профиліңізді оңтайландырыңыз, жұмыс тәжірибесі мен дағдыларыңыз туралы өзекті ақпаратты қосыңыз. Байланыстарыңызды кеңейту үшін кәсіби топтар мен қауымдастықтарға қатысыңыз. Дегенмен, бұл сайт көбінесе кеңсе және тар мамандандырылған мамандарға бағытталған.

Instagram немесе Facebook қана емес, сонымен қатар мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram) жұмыс іздеу және әртүрлі вакансиялар ұсыныстарымен топтар өте көп. Бірақ мұнда алаяқтық немесе жалған хабарламалар фактілері туралы есте сақтау керек және жұмысқа шығу туралы шешім қабылдамас бұрын, интернеттен компания туралы пікірлерді қарап, барлық жұмыс жағдайларын нақтылау қажет.

Сұхбаттан өту

Сұхбатқа дайындық — жұмыс іздеу процесіндегі маңызды кезең. Сұхбаттың әртүрлі форматтарына дайындалыңыз: телефонмен сөйлесу, онлайн сұхбат немесе жеке кездесу. Жұмысқа орналасу үшін сәтті сұхбаттасудың бірнеше кеңесін ұсынамыз:

  • Уақытылы болыңыз.
  • Компанияның корпоративтік мәдениетіне сәйкес киініңіз.
  • Компания және вакансия туралы ақпаратты зерттеңіз.
  • Әдеттегі сұрақтарға жауап дайындап, жұмыс берушіге қоюға болатын сұрақтарды ойластырыңыз.
  • Жұмыс іздеу кезіндегі бас тартулармен қалай күресуге болады.

Бас тартулар — жұмыс іздеу процесінің қалыпты бөлігі. Мотивацияны сақтап, үмітіңізді үзбеу маңызды. Қателіктеріңізді талдап, оларды түзетуге тырысыңыз. Кез келген жағдайда болашақта жұмыс берушімен байланыс сақтауға тырысыңыз.


Әр бас тарту — сіздің мақсатыңызға жету жолындағы қадам екенін ұмытпаңыз.


Қазақстанда жұмыс табу жолдары


Қазақстанда жұмыс табу көптеген басқа елдердегідей мұқият дайындық пен әртүрлі тәсілдерді қажет етеді. Эксперименттен қорықпаңыз және тіпті мамандықты өзгертуден де тартынбаңыз! Ең бастысы — сіздің ішкі құндылықтарыңызға сәйкес келетін компанияны табу. Сол кезде сіздің қолыңыздан бәрі келеді!


"
Тырысыңыз, үйреніңіз, дамыңыз және қол жеткізген жетістіктеріңізде тоқтап қалмаңыз!
"

Жұмыс табу жолдары


Сіздің мінсіз жұмысыңыз сізді Magnum-да — Қазақстандағы азық-түлік ритейлі нарығындағы көшбасшы компанияда күтіп тұр. Magnum-да жұмыс істеу сіздің алдыңызда көптеген мүмкіндіктер ашады:


Magnum командасына қосылып, кәсіби және тұлғалық өсу үшін жаңа перспективаларды ашыңыз! Біздің қазіргі вакансияларымызды мына жерде көруге болады: https://hr.magnum.kz/

Қазақстанда қалай жұмысқа орналасуға болады? Бастысы — бұл белсенді ізденіс, ресурстарды дұрыс пайдалану және үздіксіз даму.Түйіндемеңізді дайындап, әлеуметтік желілер мен кәсіби байланыстарды қолданыңыз, сондай-ақ Magnum сияқты компаниялардағы мүмкіндіктерді естен шығармаңыз, онда сізді тұрақтылық, кәсіби өсу және команда қолдауы күтіп тұр.