Оқу мен жұмысты қатар алып жүру: нақты кеңестер мен оқиғалар
01.08.2025

Оқу мен жұмысты қатар алып жүру: нақты кеңестер мен оқиғалар

Бүгінде оқу мен жұмысты қатар алып жүру — ерекшелік емес, жаңа шындық. Біреулер қаржылық тәуелсіздікке ұмтылады, біреулер тәжірибе жинағысы келеді, ал кейбіреулер университетті бітіріп үлгерсе де, мамандығын өзгертуге шешім қабылдайды.



Бірақ мұнымен бірге қиындықтар да келеді: уақыттың жетіспеуі, шаршау, зейінді сақтау қиындығы. Magnum компаниясында біз студенттердің қандай қиындықтарға тап болатынын жақсы түсінеміз және қолдауға тырысамыз. Бұл мақалада біз тепе-теңдікті сақтап, күйіп кетпеу үшін және бәріне үлгеру үшін нақты кеңестер мен стратегияларды жинадық.





Бұл өзін қатаң қадағалау емес, өз мүмкіндіктеріңді шынайы бағалап, тапсырмаларды сол күшке қарай реттеп отыру туралы.


6 кеңес: қалай бәріне үлгеріп, шаршамауға болады


1. Күн емес, апта бойынша жоспарлаңыз. Күнделікті жоспарлау – тек өрт сөндіру. Апталық жоспарлау – ең төменгі стратегия деңгейі. Аптаның ішінде оқу тапсырмалары, жұмыс кестесі, жеке уақытты нақтылап алыңыз. Бұл алаңдаушылықты азайтып, жағдайды бақылауға көмектеседі.



2. Мінсіздік емес, нәтиже маңызды. Перфекционизм — шектеулі ресурстар кезінде қол жеткізе алмайтын сән-салтанат. Ең маңыздысы – жұмысты (немесе тапсырманы) жақсы деңгейде және уақытында орындап, демалуға уақыт қалдыру.



3. "Қалта уақытын" пайдаланыңыз. Түскі ас, жұмысқа жол, кезекте тұру — бұлар пайдалы өткізуге болатын ондаған минуттар. Лекция тыңдау, материал оқу немесе тапсырмаға жауап ойлану сияқты. Тек өзіңізді жүктемеңіз, сәттерді икемді пайдаланыңыз.



4. Сұраудан қорықпаңыз. Оқытушыға не басшыға өз кестеңіз туралы айту — қалыпты нәрсе. Ашық сөйлессеңіз, көбінесе түсіністікпен қарап, тапсырма уақытын шегеру немесе басқа нұсқалар ұсынады.



5. Демалысты да жоспарлаңыз. Демалыс — марапат емес, жұмыс процесінің бір бөлігі. Тіпті 30 минут экрансыз уақыт сізді қалпына келтіре алады. Кестеңізге "ештеңе істемеу" уақытын қосыңыз — бұл да тапсырма.



6. Мақсатыңызды ұмытпаңыз. Мақсат — күш-қуат береді. Өзіңізге жазып қойыңыз: «Мен оқимын және жұмыс істеймін, өйткені мен ___». Бұл жазбаны қабырғаға іліп қойыңыз немесе телефон экранын қоюға болады. Қиын сәттерде сізге не үшін тырысып жүргеніңізді еске салады.


Күйіп кетпеу үшін: 3 ереже

  1. Басымдықтарды анықтаңыз. Барлығы бірдей маңызды емес.
  2. Өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз. Әркімнің жағдайы әртүрлі.
  3. Қосымша тапсырмалар мен мінсіз болуға ұмтылуға кейде “жоқ” деңіз.


"
Кейде аз орындап, сапалы жасау — бәрін істеп, күшіңізді сарқудан әлдеқайда пайдалы.
"

Біздің студент-әріптестеріміздің оқиғалары




Қорытынды

Оқу мен жұмысты қатар алып жүруге болады. Ең бастысы — жүйе құру: не маңызды екенін түсіну, күн тәртібін сақтау, басымдықтарды белгілеу және күшіңізді шынайы бағалау. Есіңізде болсын — сіз жалғыз емессіз. Сіз сияқты көптеген адам бар. Әрқайсысының өз жолы, әдісі мен жеңістері бар.



Magnum компаниясында біз оқу мен жұмысты қатар алып жүрудің қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Сондықтан икемді шарттар, команда қолдауы мен даму мүмкіндіктерін ұсынамыз — егер сіз өзіңіз соған дайын болсаңыз. Қазірдің өзінде бізде оқып жүріп табысты еңбек етіп жатқан көптеген қызметкерлер бар. Сіз де соған қол жеткізе аласыз.



Осы мақаладан кем дегенде бір кеңесті қолданып көріңіз және қателесуден қорықпаңыз. Жол — сынақ пен түзетулерден тұрады. Ең бастысы — берілмеу.



Оқып жүрсіз бе және жұмыс істегіңіз келе ме? Онда мына сілтеме арқылы өтіңіз https://hr.magnum.kz/shops/filter/clear/apply/ және өзіңізге лайықты бос орынды табыңыз!