Magnum-ның Бас офисіндегі Ашық есіктер күні
Magnum-ның Бас офисіндегі Ашық есіктер күні
22.11.2022
Magnum-ның Бас офисіндегі Ашық есіктер күні

Білім күні қарсаңында біз бас офис пен Алматыдағы дүкендерімізде жұмыс істейтін қызметкерлеріміздің балаларына арнап Ашық есіктер күнін өткіздік.





Кішкентай келушілерімізде дүкеннің қалай жұмыс істейтінін көрудің және Magnum компаниясының бас офисіне барудың бірегей мүмкіндігі болды!



Неліктен барлық қызметкерлер бейдждерін өздерімен бірге алып жүреді?



Касса аппараты мен Қауіпсіздік қызметі қызметкерінің рациясы қалай жұмыс істейді?



Сатушының жұмысы неден тұрады? Сүйікті өнімдеріміз дүкен сөрелеріне қалай түседі?



Қонақтарымыз осы және басқа да қызықты сұрақтарға жауап алды!



Күн қызықты оқиғалар мен жаңалықтарға толы болды: мысалы, балаларға чипсы жасаудың толық циклы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ Mentos-пен және Coca-Cola-мен тәжірибе жасады. Балалар өздерін нағыз ғалымдар ретінде сезініп, Magnum-да бәрі мүмкін екенін түсінді!



Экскурсияның соңында балалардың әрқайсысына ішінде ойыншық салынған қоректік қорап, сонымен қатар, дәмді тағамдар берілді.





Бұл көңілді де танымдық күн балалардың есінде ұзақ сақталатынына сенімдіміз және, бәлкім, болашақта олар біздің Компаниямызға жаңа қызметкерлер ретінде оралатын болар!



Ата-аналардың бірінің пікірі: 



"
Балаларымызға Magnum Kids экскурсиясының ұйымдастырылғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Ұлым сіздермен бірге өткізген уақытына, Magnum-ды басқа жағынан көргеніне қуанып қалды, көптеген әсерлер мен эмоциялар алды. Дәмді сыйлықтарға және балаларымызға көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет!
"