Кітапты қалай оқуға және оқығанды есте сақтауға болады
Кітапты қалай оқуға және оқығанды есте сақтауға болады
22.11.2022
Кітапты қалай оқуға және оқығанды есте сақтауға болады

Біз күн сайын үлкен көлемде ақпарат аламыз. Өзімізге қажет нәрсенің барлығын түсіну үшін тым баяу оқимыз. Сондықтан оқу жылдамдығын арттыруға және ақпаратты меңгеру сапасын жақсартуға көмектесетін пайдалы ақпаратты бөлісеміз.

1. Барлығы мақсатты жете ұғынудан басталады

Оқуды бастамас бұрын нені үйренгіңіз келетіні туралы ойланыңыз. Мақсатты ұғыну сіздің миыңызды сұрақтарға жауап іздеу толқынына бағыттайды.


2. Қағаз кітаптарға артықшылық беріңіз

Зерттеулер көрсеткендей, монитордан оқу кезінде өнімділік 30%-ға төмендейді, сонымен қатар, біз қағаз тасымалдағыштардан алғанымызға қарағанда цифрлық ақпаратты тезірек ұмытамыз.

3. Сыртқы алаңдататын факторлардан арылыңыз

Оқу кезінде барлық алаңдататын факторларды жоюға тырысыңыз. Алдыңызға «Менің 40 минут уақытым бар, осы уақытта мен кітап оқимын, содан кейін басқа істерге ораламын» деген мақсат қойыңыз.

4. Бір мезгілде бір тапсырманы орындап үйреніңіз

Уақыт бірлігінде бір ғана нәрсені саналы түрде жасауға болады. Кейде біз біреуді бір мезгілде көп тапсырманы жақсы орындайды деп ойлап қателесеміз. Шын мәнінде бұл адам бір мезгілде бірнеше істі атқармайды, ал үнемі олардың арасында ауысып отырады. Бұл нәтижеге зиянын тигізеді.

5. Әр тарауды оқығаннан кейін қысқаша түйіндеме жасап отырыңыз

Тарауды оқып болғаннан кейін кітапты шетке ысырып қойып, ең жақсы есте қалған нәрсені жазыңыз.

Ал сіздің оқығандарыңыздан не есте қалды?