Бөлшек саудада ауысымнан немесе жұмыс күнінен кейін «өшу» кейде қиынға соғады. Шаршау, күйзеліс, жоғары қарқын, дедлайндар, клиенттермен күрделі сәттер – мұның бәрі бізбен бірге үйге ілесіп келеді. Ал егер кеңседе жұмыс істесеңіз, әрдайым жеңіл бола бермейді: басыңызда әлі де тапсырмалар, хабарландырулар келіп тұрады, жобалар «жанып» жатады. Үйде де жұмыс жібермейтіндей, ұсақ-түйекке ашуланамын, кешкі ас үстінде үндемей қаламыз, тіпті жақындарымыздан да шаршап қаламыз. Үйдегі атмосфера демалысқа емес, жұмыс күнінің жалғасына ұқсап кетеді. Ал біз үйде керісінше тыныштық пен қуанышты сезінгіміз келеді. Бұл үшін ауысуды үйрену маңызды.
Magnum бұл қиындықтың дүкенде де, кеңседе де бірдей екенін біледі. Сондықтан біз күйіп кетпеуге және жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін қарапайым тәсілдермен бөліскіміз келеді.
Егер өзіңізді танысаңыз – жалғыз емессіз. Бұл ритейлде жиі кездесетін жағдай. Және бұны басқаруға болады.
Іштей ауыстырғышыңыз бар деп елестетіңіз. Жұмыста сіз – қызметкерсіз: сатылым, сервис, тәртіпке жауап бересіз. Ал үйде сіз – ата-ана, жар, доссыз: қамқорлыққа, қарым-қатынасқа және жақындарды қолдауға жауап бересіз. Бұл – мүлдем басқа рөл.
Бұл – ұсақ-түйек сияқты, бірақ күйзелісті есіктің ар жағында қалдырып, өзіңізге оралуға көмектеседі.
Өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз. Әркімнің өз жүктемесі, өз ырғағы, өз ресурстары бар. Мінсіз адамдар болмайды, бірақ өз-өзіңізге қамқорлық жүйесін құруға болады.
Magnum бұны қолдайды. Біз адамның өмірге энергиясы қалатын жағдай жасауға тырысамыз. Біздің командаларда өзара көмек, түсіністік, кестені бейімдеу мүмкіндігі бар. Бұл – жай сөздер емес, біз күн сайын қызметкерлерімізбен жұмыста осыны көреміз.
Адамдарға қамқорлықпен қарайтын орын іздесеңіз – бізге келіңіз. Magnum – жай ғана жұмыс емес. Бұл – команда, қолдау және даму. Біздің сайттағы бос орындарға https://hr.magnum.kz/shops/ кіріп, қарап көріңіз. Біз әрдайым жаңа әріптестерге қуаныштымыз!