Тәжірибеңіз болса да, болмаса да, компанияңызды ауыстырғыңыз келсе де немесе жай ғана жаңа кезеңге дайын болсаңыз да, түйіндеме жібермес бұрын көпшіліктің көкейінде сұрақтар туындайтыны сөзсіз. Тәжірибесіз қабылдай ма? Әңгімелесу қалай өтеді? Бірінші жұмыс күнінде не болады? Компания ішінде өсуге мүмкіндік бар ма? Біз үміткерлердің ең жиі қоятын сұрақтарына жауап жинақтап, Magnum-де жұмысқа тұрудың бос орынды іздеуден бастап жұмысқа шыққанға дейінгі барлық қадамдарын егжей-тегжейлі баяндадық.
Бүгінгі таңда Magnum – Қазақстандағы ең ірі бөлшек сауда желісі. Ел бойынша 200-ден астам дүкен және 8 000-нан астам қызметкерден тұратын команда. Бірақ біз үшін сандардан гөрі адамдар маңыздырақ. Біреулер Magnum-ге алғашқы жұмысы үшін келсе, енді біреулер саланы ауыстыру үшін немесе ірі компанияда мансап құру үшін келеді. Тәжірибе деңгейіне қарамастан, біз оқуға, дамуға және мансап құруға мүмкіндік беретін жағдай жасаймыз.
Ең оңай әрі сенімді жол – ресми мансап сайты hr.magnum.kz. Мұнда әрқашан өзекті бос орындар жарияланып, сіздің өтініміңіз тікелей іріктеу мамандарына түседі. Сондай-ақ, Magnum-де жұмысты мына жерлерден табуға болады:
Magnum-де әртүрлі бағытта дамуға болады. Біреулер мансабын дүкеннен бастаса, енді біреулер бірден бас офиске келеді. Екі жол да кәсіби өсуге мүмкіндік ашады.
Компания қызметкерлерінің басым бөлігі өз жолын осы жерден бастайды. Біз мынадай мамандарды шақырамыз:
Бос орындарды қарап, өтінім қалдыруға болады: https://hr.magnum.kz/shops/filter/clear/apply/.
Егер сізді аналитика, маркетинг, IT, логистика, HR, қаржы, сатып алулар және т.б. қызықтырса – кеңсе командаларының бірінде жұмыс істей аласыз. Мұнда қызметкерлер жаңа жобаларды іске қосып, сервисті жақсартып, технологияларды енгізеді және Компанияның тиімділігін арттыруға үлес қосады. Дүкенде де, кеңседе де жұмыс істесеңіз, бірінші күннен бастап ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа тұру, тұрақты «ақ» жалақы және әлеуметтік пакетке ие боласыз.
Бәрі сауалнама немесе түйіндеме жасаудан басталады.Егер сізде жұмыс тәжірибесі болса: қандай міндеттер атқарғаныңызды және қандай нәтижелерге қол жеткізгеніңізді айтып беріңіз. Егер тәжірибе әлі болмаса, уайымдамаңыз. Көптеген бос орындар үшін жауапкершілік, оқуға деген ұмтылыс және адамдармен жұмыс істей білу әлдеқайда маңызды. Айтпақшы, жақсы түйіндемені қалай құрастыру керектігін жеке мақаламызда егжей-тегжейлі баяндағанбыз. Өтінімді мансап сайтында бірнеше минутта ғана жіберуге болады (оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Түйіндемені жіберу» батырмасын пайдаланыңыз). Іріктеу маманы сіздің өтініміңізді қарап, сізбен байланысады.
Процесс бос орынға байланысты өзгереді. Дүкендегі жұмыс үшін ол әдетте аз уақыт алады, ал кейбір кеңсе лауазымдары үшін қосымша бағалау кезеңдері болуы мүмкін.
Бірінші күн әрқашан толқулы өтеді. Сондықтан біз жаңа қызметкердің барынша тез команда мүшесі ретінде сезінуіне тырысамыз. Алғашқы күндері сізді мыналар күтеді:
Біз жаңа қызметкерден бірден барлық процесті білуді күтпейміз. Сондықтан әрқашан көмектесуге дайын жандар қасыңызда болады.
Magnum-дегі сынақ мерзімі – «аман қалу» емес, қызметкердің жаңа жұмыспен танысатын, ал компания оның бейімделуіне көмектесетін кезең. Әдетте ол лауазымға байланысты 3 айға дейін созылады. Дүкенде бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді?
Сынақ мерзімі – қызметкер мен компания бір-біріне сәйкес келетінін немесе келмейтінін түсінетін бірлескен бейімделу уақыты. Егер бәрі сәтті болса, сіз командада жұмысты жалғастырып, дами түсесіз. Ал егер бұл рөл сізге дәл келмейтінін түсінсеңіз (иә, ондай да жағдай болады...), әрқашан басшыңызбен немесе HR-мен сөйлесіп, бірге шешім таба аласыз.
Біз ашық даму жүйесін құрамыз. Бізде мансаптық өсу «жыл өтіліне» емес, нақты нәтижелерге, бастамашылдыққа және өткен оқуға негізделеді. Бүгінгі көптеген басшылар өз жолын қатардағы лауазымдардан бастаған. Кассир/сатушыдан дүкен директорына, одан әрі аймақтық директорға дейін өсуге болады. Барлық бос орындар мансап сайтында және Telegram-ботта жарияланады, онда бір минутта өтінім қалдыруға болады.
Сондай-ақ, дүкеннен бас кеңсеге ауысудың басқа жолы да бар. Егер сізді жаңа бағыт қызықтырса, сәйкес дағдылар, тәжірибе немесе дамуға деген ұмтылыс болса, басшыңызбен талқылап, өтінім беріп, өз күшіңізді байқап көре аласыз. Компания бастамашылдықты бағалайды, ішкі үміткерлер басымдықпен қарастырылады және сыртқы мамандармен қатар деңгейде әңгімелесуден өту мүмкіндігіне ие болады.
Тәжірибесіз жұмысқа тұруға бола ма? Иә. Дүкендегі көптеген бос орындар үшін жұмыс тәжірибесі міндетті емес. Жаңа қызметкерлер оқытылып, бейімделуге көмектеседі.
Жұмысты оқумен үйлестіруге бола ма? Иә. Бірқатар қатардағы лауазымдар үшін икемді кесте қарастырылған.
Оқу бар ма? Иә. Компанияда ішкі оқыту платформасы және даму бағдарламалары бар.
Дүкеннен бас кеңсеге ауысуға бола ма? Иә. Егер сіздің тәжірибеңіз, дағдыларыңыз және ұмтылысыңыз бос орынның талаптарына сәйкес келсе, ішкі іріктеуге қатыса аласыз.
Өтінімнен кейін менімен қаншалықты тез байланысады? Сауалнаманы қарап шыққаннан кейін, сіздің тәжірибеңіз бен дағдыларыңыз бос орынның талаптарына сәйкес келсе, іріктеу маманы сізбен байланысады.
Magnum-дегі жұмыс – бұл тұрақты табыс, түсінікті міндеттер және өсуге көмектесетін команда. Әр қызметкердің өз тарихы бар. Біреулер Magnum-ге алғашқы жұмыс үшін келсе, енді біреулер мансаптағы жаңа кезең үшін, ал кейбіреулер кәсіби амбицияларын жүзеге асыру үшін келеді. Егер сіз де оқуға, дамуға және мансап құруға болатын орын іздесеңіз, мансап сайтымыздағы бос орындар бөліміне кіріңіз.