Сауда адамдары: шынайы оқиғалар
23.07.2025

Сауда адамдары: шынайы оқиғалар

Сауда — жай ғана мамандық емес. Бұл — күнделікті бойға сіңетін ырғақ. Бұл — бауыр басып кететін команда. Бұл — кездейсоқ таңдалмайтын жол, өз орныңды тапқаннан кейін қалып қоятын бағыт. Бұл оқиғалар — еңбектің қадірін білетін, командамен жұмыс істеуді меңгерген және өз ісін сүйетін адамдар туралы.


Гулмира Жумагулова, өндіріс меңгерушісінің орынбасары, Қызылорда

Гулмираның еңбек кітапшасында тек бір сала жазылған — сауда. Мектептен кейін жұмысқа орналасып, технолог мамандығына оқуға түскен, ал 1984 жылдан бастап осы кәсіпті тастамай келеді. Бұл уақыт ішінде үлкен тәжірибе мен білім жинақтаған.



2024 жылдың жазында болған жағдай ерекше есте қалған: наубайханадағы бір уақытта барлық қызметкерлер жұмыстан кеткен, тек бір адам қалған. Өндірісті тоқтатуға болмайтын. Гулмира жауапкершілікті өз мойнына алады — студенттер мен жаңа қызметкерлер келіп, оларды басынан бастап өзі үйретті. Бұл — физикалық, моральдық және эмоционалдық жағынан ауыр кезең болғанымен, Гулмира бәрін орындап шықты. Энергия, білім мен біріккен команда арқасында жоспар толық орындалды.



Ол ішкі ресурсын ұқыпты пайдаланады. Демалуға, отбасымен болуға, табиғатқа шығуға, өзін дамытуға уақыт бөледі. Бұл күш береді. Жастарға қорықпауға кеңес береді: ең бастысы — өзіңе сену және жұмысыңа қызығушылықпен алға басу.




Фазыл Иминов, қойма маманы, Алматы

Фазыл бұл мамандықты арнайы таңдамаған — жай ғана жас болған, жұмыс іздеген. Содан бері көп уақыт өтті. Түрлі жерде жұмыс істеді, бірақ дәл Magnum-да тұрақтап қалды.



Ең бастысы — ұжымдық атмосфера. Жалақы тұрақты, жұмыс кестесі ыңғайлы, ұжым ауызбіршілігі. Өз жұмысын жақсы біледі және өзін сенімді сезінеді. Ерекше есте қалған күн — оны көпшіліктің көзінше мақтаған сәт. Мұндай мойындау мүлде басқа әсер қалдырады.



Ол компанияда адамдар үшін қалғанын айтады. Басшылық пен әріптестермен тіл табысқаны — Magnum-ды кеткісі келмейтін жерге айналдырды.




Майра Уркимбаева, аспаз, Алматы

Майра еңбек жолын 90-жылдары бастаған. 1992 мен 1996 жылдар аралығында сатушы болып жұмыс істеген, ал 2009 жылы Magnum-ға келіп, содан бері еңбек етіп келеді. Мұнда оған бәрі ұнайды: ұжым, жұмыс кестесі, уақытылы жалақы, сыйақылар. АФ-1-де жұмыс істейді және өз жұмысын адал әрі жауапты деп есептейді.



Ең қиыны — 12 сағат бойы аяқта тұру. Бірақ мұның бәрі ұжымдағы атмосферамен өтеледі. Оны ерекше қуандырған сәт — 2023 жылғы еңбек мерейтойы: 15 жылдық еңбекке арналған премия, алтын алқа, мақтау қағазы мен сыйлықтар.



Ол көп нәрсені үйренген әріптестерін үлкен құрметпен еске алады. Бөлім меңгерушісі Татьянадан — жұмысқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті, еңбекқорлықты үйренсе, Хамида Омаровадан — мейірімділік пен ашықтықты алған. Олар бірге келген, әлі күнге дейін бірге еңбек етіп келеді.




Жандос Шакер, филиал директоры, Алматы

Бастапқыда ол жай ғана жұмыс іздеген — көп жастар сияқты. Бұл уақытша қадам деп ойлаған, бірақ кейін бұл — өмірлік іске айналды. Сатушыдан бастаған Жандос бүгінде дүкен директоры атанды — және бұл жолын өзінің ең үлкен жетістігі деп есептейді.



Ол әсіресе компанияда өсуге нақты мүмкіндік пайда болғанына риза. Бұрын мансаптық өсу қиын болған, ал бүгінде кадрлық резерв бағдарламасы бар, онда ашық ережелер мен қажетті оқыту қарастырылған. Бәрі түсінікті және қолжетімді болды.



Жандос үшін ерекше есте қалған сәт — Magnum-дағы 15 жылдық еңбек мерейтойына байланысты Бас кеңсеге шақырылып, марапатқа ие болғаны. Сыйлықтар, премия, құттықтау — мұның бәрі оның еңбегінің мойындалуы болды.




Елена Зименко, аймақтық директор, Солтүстік бағыты

"90-жылдары отбасымды асырау керек болды — ең тиімдісі сауда жасау еді. Базарға шықтым, жерге жайып саттық, кейін киосктан саттық. Компаниялар шыға бастады, сауда агенті мамандығы танымал бола түсті, мен Прима компаниясына жұмысқа тұрдым. Карағанда қаласында Magnum супермаркеті ашылады дегенді естігенде, не боларын білмей, кандидатурамды ұсындым".



Бүгінде оның командасында — 83 дүкен директоры және 7 аумақтық директор бар. Көпшілігі бұрын оның сатушысы болған. "Олардың барлығы менің қол астыма келгенде өсті", — дейді ол. Жоғары стандарттар үшін оны Ресейге ретейл-турмен марапаттады, ал өткен жылы "Үздіктердің үздігі" номинациясын жеңіп алды.



Елена ашық командалық жұмысқа сенеді: олар мәселелерді талқылайды, пікірлеседі, басқа аймақтармен тәжірибе алмасады. "Мен әріптестердің эмоцияны қалай басқаратынын, қақтығыстарды қалай шешетінін, жиналыстарда қалай әрекет ететінін бақылай отырып үйрендім. Енді осыны басқаларға үйретіп жүрмін".




Михаил Савищев, Шымкент қ., ТБД аға тренинг-менеджері

Михаил дистрибуция саласынан бастады — мерчендайзерден А санатындағы сауда өкіліне дейін өсті. Шымкентте Magnum ашылған кезде, ол өзін ірі ритейлердің ішкі жағында сынап көргісі келді.



Бүгінде ол оқыту бағытында жұмыс істейді. Шынын айтады: ең қиыны — қызметкерлерге өзгерістерді қабылдауға көмектесу. Себебі оқытуды бәрі бірдей қуанышпен қабылдай бермейді, кейде бұл жұмыс күніндегі қосымша міндет сияқты көрінеді. Бірақ дәл осындай сәттерде ол ең құнды нәтижені көреді: адамдардың өзгергенін, тренингтен кейін «Енді түсінікті. Енді пайдалы. Енді жеңіл болды!» деген сөздерін есту.



HR саласына ауысу — маңызды кезең болды. Анары Кулатаева мен Майя Саттарованың қолдауының арқасында бәрі жеңіл әрі стрессіз өтті. Бұл бейімделуге көп көмектесіп, жаңа мүмкіндіктер ашты.



Осы жылдар ішінде Михаил ең басты нәрсені үйренді — адамдармен бірге болуды. Эмпатия, тыңдай білу, сабыр, практикалық ойлау, қолдау көрсетуге дайын болу — мұның бәрін ол кітаптан емес, адамдармен — сатып алушылармен, әріптестерімен, әсіресе дүкен командасымен араласудан үйренді. Оның айтуынша, Magnum — бұл тұрақтылық, сенімділік, үнемі жаңа сын-тегеуріндер, мықты команда және бірге өсуге деген ұмтылыс.




Сахида Самахунова, операциялар менеджері, Жобалық кеңсе

Сахида өзінің мансабын "Юбилейный" дүкенінде бастаған, ал Magnum-ға кездейсоқ келген — дүкенге кіріп, бұрынғы басшысын кездестірген. Ол бірден жұмыс ұсынды, Сахида келісті. Оның артынан бұрынғы командасы да келді.



Жылдар өте келе бұл жұмыс оған көп нәрсе үйретті: тәртіпке, эмоцияны бақылауға, шешім қабылдауға және жауапкершілік алуға. Ең есте қалған сәттердің бірі — СОФ командасының марапатталуы: көкөніс пен жеміс-жидек бөлімшесі бүкіл желі бойынша ТО-да бірінші орын алып, мақтау қағазын иеленді. Бұл — мақтануға тұрарлық оқиға.



Бүгінде Сахида жұмысына толықтай беріліп, тауардың сөрелерде дұрыс орналасуын, стандарттарға сай болуын және тұтынушылардың керегін табуын қадағалайды. Осындай ұсақ-түйектер арқылы дүкен туралы жалпы әсер қалыптасады, ал бұл жерде әрбір қызметкер маңызды.




Клара Муканова, Жеткізушілермен жұмыс басқармасының бастығы, Бухгалтерлік есеп департаменті

Сауда саласына оны тартқан — ырғақ. Үнемі қозғалыс, тікелей байланыс, нәтижеге жету. Бұл жерде бірсарылық жоқ екеніне ол жоғары баға береді. Жұмыс барысында жүйе құруды, басымдықты анықтауды және алдын ала әрекет етуді үйренген.



Ең маңыздысы — әріптестердің бейресми мойындауы. Кейде жұмыс көлемі көп, мерзім тығыз, жауапкершілік жоғары болады. Бірақ бәрі ақталады, егер жұмысың тиянақты механизмнің бір бөлігіне айналса. Процестер реттеліп, есеп сәйкестендірілгенде, әріптестер мен басшылық сенің үлесіңді көреді.



Клара барлығы неден басталғанын жақсы біледі — 2007 жылы алғашқы дүкен ашылған кезде. Ол кезде бәрі алғаш рет болды: жаңа құралдар, жаңа тапсырмалар, жаңа команда. Бұл тәжірибе Клараға бүгінге дейін көмектесіп келе жатқан берік кәсіби негіз болып табылады.





Бұл оқиғалардың бір-біріне ұқсамайтыны сияқты, оларды айтқан адамдар да әртүрлі. Біреуі — алғашқы дүкенді еске алады. Біреуі — алған марапатын. Біреуі — өндірісті тоқтатпай, жағдайды ұстағанын. Ал біреуі — кезінде жұмыс іздеп жүріп, осы компанияда ұзақ жылға қалып қойғанын. Бірақ барлығын біріктіретін ортақ қасиет бар — өз ісіне деген адалдық.



Егер сіз де сауда саласының бір бөлігі болғыңыз келсе, біздің бос жұмыс орындарымызға өтінім беріп, қатарымызға қосылыңыз!



Алда келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтаймыз, Сауда қызметкерлері күні құтты болсын!