Жұмыста көзге түсу үшін не істеу керек? Мансаптық өсудегі тексерілген қадамдар
02.07.2025

Жұмыста көзге түсу үшін не істеу керек? Мансаптық өсудегі тексерілген қадамдар

Жай ғана өз міндеттеріңізді орындау — жеткіліксіз. Жоғарылау үшін адам бастамашыл болуы керек, өз лауазымынан тыс ойлап, компания үшін пайдалы қызметкерге айналуы қажет. Бір тәсіл — «тек ұрыспаса болды», екінші — «жұмысты сапалы орындап, құндылығымды арттырамын». Magnum-да біз екінші тәсілді бағалаймыз.



Егер сіз де мансапта өскіңіз келсе, «қалай көзге түсуге болады?» деген сұрақ мазалағаны анық. Бұл мақалада қалай ерекшеленуге, сенімге ие болуға және жоғарылауға мүмкіндік алуға болатынын айтамыз.


Көзге түсу — бұл өзін тықпалау емес


Көзге түсу деген — жиналыста сөз бөліп немесе өзіңді міндеттеуден тұрмайды. Нәтижелеріңіз туралы айту, идея ұсыну, сұрақ қою — бұл қалыпты, әрі тиімді әрекет. Егер сіз белсенді болып, сонымен бірге әріптестеріңізді сыйласаңыз, оны міндетті түрде бағалайды.



Мысалы, сіз команда жұмысына көмектесетін ыңғайлы есеп жүйесін енгіздіңіз. Бұл туралы басшыға айтып, әріптестерге де көрсетуді ұсыныңыз. Бұл сіздің бастамашылдығыңызды және жауапкершілікті алуға дайын екеніңізді көрсетеді.




Компания ішінде өсу үшін 8 нақты қадам:


  • Жұмысты «қалай болса солай» емес, нақты нәтиже үшін орындаңыз. Қалай тез, сапалы және бүкіл командаға пайдалы етуге болатынын ойлаңыз.
  • Басшымен мансап туралы ашық сөйлесіңіз. Өзіңіз туралы ешкім ойламайды, егер сіз өзіңіз сұрамасаңыз. Қай бағытта өсуге болады, не жетпейді — нақты талқылаңыз.
  • Қосымша міндеттер алыңыз. Алдымен өз деңгейіңізден жоғары міндеттерді орындай алатыныңызды дәлелдеңіз. Тек осы арқылы өсу мүмкіндігі пайда болады.
  • Нәтижелеріңізді тіркеп, көрсетіңіз. Не істедіңіз — соны айтыңыз. Сандық көрсеткіштер, идеялар, шешімдер — бұл сіздің жеке үлесіңіз.
  • Белгілі бір бағыт бойынша мықты маман атаныңыз. Қай тақырыпта жақсы түсінгіңіз келеді — соған басымдық беріңіз.
  • Команданың тірегіне айналыңыз. Жақсы көшбасшыны іс-әрекетінен таниды. Әріптестерге көмектесіңіз, тәжірибеңізбен бөлісіңіз.
  • Жоғарылау туралы нақты нәтижемен айтыңыз. Өсуге дайын болсаңыз, қорықпай айтыңыз. Бірақ нақты дәлелдеріңіз болсын: жетістіктер, қосымша міндеттер, дамыған дағдылар.
  • Өзіңіз туралы айтыңыз, дамыңыз. LinkedIn, Instagram, Telegram немесе WhatsApp топтарында немен айналысатыныңызды бөлісіңіз. Үйренгеніңізді, шешкен мәселелеріңізді айтыңыз. Бұл тек кәсіби ортада ғана емес, компания ішінде де танылуға көмектеседі.

Мансапта не жұмыс істемейді:


  • Тыныш күту. Жай ғана жақсы жұмыс істесең, сені байқайтыны миф. Егер нәтиже туралы ешкім білмесе, ол жоқ деген сөз.
  • Шағымдану. Мәселені шешудің орнына кінәлілерді іздеу — әлсіз тәсіл. Компаниялар шешім ұсынатын, жауапкершілік алатын адамдарды бағалайды.
  • «Мен осында көптен істеймін» деген сөз — бүгінгі күні жеткіліксіз. Қанша жыл жұмыс жасағаныңыз емес, нәтиже, даму және жаңа идеялар маңызды.


Бүгін мансаптағы өсу — кездейсоқтық емес. Бұл — белсенділік, кәсібилік және дұрыс әрекеттердің нәтижесі. Демек, бәрі өз қолыңызда!


Жоғарылау туралы қалай айту керек?



Толығырақ біздің сайттағы арнайы мақаламызда оқи аласыз.



Егер бас тартса — бұл сәтсіздік емес.Жай ғана не жетіспейтінін сұрап, даму жоспарын жасап, нақты мерзім белгілеңіз. Ең бастысы — нәтиже көрсетуді жалғастыру.


Қорытынды


Мансап — бұл лотерея емес, жүйелі жұмыс пен дұрыс қадамдардың нәтижесі. Белсенді болыңыз, бастамашылдық танытыңыз, мақсатыңызды айтыңыз — сонда өсу мүмкіндігі міндетті түрде келеді.



Magnum-да біз әр қызметкерге даму мүмкіндігін береміз: ашық диалог, оқыту, қолдау. Сіздің мансабыңыз — өз қолыңызда.Бос жұмыс орындарын біздің сайттан қараңыз:https://hr.magnum.kz/office/filter/clear/apply/.